алуын музыкалық әуенмен салыстыруға болады. Айналадағы адамдарда адам есімінен туындаған сезім сол адамның өзіне автоматты түрде беріледі екен. Ерболат және Бибігүл есімдерінің қаншалықты әртүрлі айтылатынын байқап көріңіз. Алғашқы есімде жинақылық пен жігерлілік бар, ал екінші есімде нәзік жанға тән ерекшелікті байқауға болады. Есімнің сипаты адамның мінезіне ғана емес, сонымен қатар оның кейінгі өміріне де әсер етеді екен.
Сондай-ақ адам өмірінде есімнің маңызы зор. Оның барлық іс-әрекеттері есімінің арқасында танымал болады. Осыған орай, "Оның есімі беделді", "Өз есіміңді ұятқа қалдырма" - деп айтып жатады.
1-жұмыс парағы. Менің досым қандай?
Досыңның суретін сал. Оның көңіл-күйін көрсетуге тырыс.
Аты-жөні:
Әр адамның есімі бар.
"Әр есімнің өз мағынасы бар", - дейді менің атам.
Атамның айтқаны дұрыс па? Тексеріп көрейік!
Оқулық және жұмыс дәптерінің беттерінде кездесетін кейіпкер Ботамен таныстыру. Оларға "Дүниетану" сабағында немен айналысатыны туралы хабарлау.
Сабақ тақырыбы бойынша жұмысты бастау үшін оқушыларды оқулықтың 1-бетіндегі суретке қарауын сұраймын.
Сабаққа дейін қабырғаға "МЕН" сөзі жазылған шарды бекітемін. Бота шарын сабаққа алып келе жатқан кезде жоғалтып алғанын айтыңыз. Оқушыларға шарды табуға көмектесуге ұсыныс беріңіз. Шарда жазылған сөзді кімнің оқи алатынын сұраңыз. Олар бұл сөздің нені білдіретінін айтсын.
Жауабы: "Мен" - бұл мен туралы айтылған сөз. Егер адам өзі туралы айтса, "мен" дейді.
"Мен" сөзін хормен айтқызыңыз және сабақ тақырыбын хабарлаңыз.
Салыстыр.
Cуреттерге қара. Кімдерді көріп тұрсың?
Сур
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>