еттегі адамдарды салыстыр.
Ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.
Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар тез арада мынадай ерекшеліктері бойынша топтарға жиналады:
- көзі қара/мөлдір;
- шашы ұзын/қысқа;
- аяқкиімінің түсі қара;
- есімдері бірдей және т. б.
Біз қандаймыз?
::Бір-біріңе қара.
::Араларыңда бір-бірінен айнымайтын екі адам бар ма?
::Адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.
Балалар мен үлкендер. Ер адамдар мен әйел адамдар. Барлығымыз адамбыз. Сен - адамсың. Бір адам басқа адамға ұқсамайды. Әрбір адам ерекше. Анықта. Кімнің зерттеуші болғысы келетінінсұраңыз. Зерттеу дегеніміз бір нәрсені толық анықтауға бағытталған бірқатар әрекеттерді орындау екенін түсіндіріңіз. Ботаның атынан барлық оқушылардың есімдері жазылған тапсырма-хатты көрсетіңіз. Бұл нені зерттеу керек екенін еске салады. Оқулықтағы 3-беттегі тапсырма мәтінін оқып беріңіз. Оқушылардан тапсырмада қандай нәтижеге тоқталу керек екенін түсіндіріңіз.
Жауабы: Eсімнің нені білдіретінін айту.
Өз есімінің мағынасын білетін оқушылардың пікірлерін сұраңыз. Көп ұлтты еліміздегі барлық халықтардың есімдері әдемі естілетінін айтып өтіңіз. Барлық оқушылар бір-бірін есімдерімен атайтынын түсіндіріңіз. Оқушыларға есімдері жазылған бейдждерді таратыңыз, оны сол аптада тағып жүрсін.
Орындап көр. Бұл тапсырманың мақсаты - бір-біріне жақсы көзқарас қалыптастыру үшін мектеп ұжымында іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтауы тиіс екенін көрсету.
Сынып оқушыларын жұптарға бөліңіз. Бір- біріне өзі туралы қызықты оқиғаларды айтып беруін сұраңыз. Сыныпты аралаңыз. Оқушылардың әңгімелерін тыңдаңыз. Әңгімелеген оқиғалары қызықты болған 1-2 жұпты тыңдаңыз. Олар өз оқиғаларын үнсіз қимыл арқылы сынып оқушыларына
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>