химиялық барлау аспабының көмегі арқылы улағыш заттар түрін, уланған ауаның іркілу орнын, ондағы улағыш заттардың қоюлануын анықтайды.
Зақымдалған аймақты қоршап қою белгілерімен белгілейді.
Зілзала аудандарында, өндірістік апаттар мен апаттар кезіндегі бақылаушының негізгі міндеті - құтқару және апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуші құрылымдарға аудандар мен жұмыс аймақтарындағы жағдайдың шұғыл өзгерістері туралы дер кезінде хабарлау болып табылады.
Өрт кезінде бақылаушының негізгі міндеті - бірінші кезекте өрт сипаты мен оттың жайылу бағытын анықтау және өрт ошағы жайылған немесе жайылмаған аудандарға бақылау қою.
Зақымдану ошағындағы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс әрекеті.
Барлаушы топ қала сыртындағы аймақтың ауданына объектінің ьасқа құрылымдарымен бірге кіреді.
Барлау жүргізу міндетін АҚ штабының бастығы белгілейді. Міндеттер қою кезінде оның көрсететіндері: бастапқы пунктті өту уақыты; радиоактивті және химиялық зақымдануы мүмкін аудандар; зақымдану ошағында не нәрсеге көңіл аудару керектігі; байланысты ұстап тұру және хабарламаны көрсету ретін; сәулелену мөлшерінің шегіне жеткен мүмкінділігі.
Барлау буынының командирі буынның жеке құрамына тапсырманы түсіндіреді, жеке қорғаныш құралдарын кию, барлау аспаптарын, жылжу және байланыс құралдарын дайындыққа келтіруге бұйрық береді. Осыларды орындаған соң буын тапсырманы орындайды.
Барлаушылар маршрут бойымен жылжи отырып аспаптардың көрсетулеріне бақылау жасау арқылы радиоактивті және улағыш заттармен жергілікті жердің қаншалықты зақымдалғанын белгілейді. Радиоактивті зақымдалуды тапқан соң барлаушы бұл жайлы командирге мәлімдейді, ал жеке құрам газтұмылдырықтар киеді. Содан соң барлаушы радиация деңгейін анықтап, белгілейді. Ол қоршау белгісін жолдың о
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>