езекшілік міндетін атқарады.
Бақылаушы кезекші көрсетілген жерде табан аудармай болуы, әуе және жер үсті жағдайларының өзгерістерін тексеріп отыруға, жағдайдағы барлық өзгерістер туралы деректі тез пост бастығына хабарлап, оның нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.
"Әуе дабылы!" сигналы бойынша постың жеке құрамы тасаны иемденеді, ал бақылаушы кезекші бақылауын жалғастыра береді.
Бақылаушы радиациялық барлау аспабын іске қосылған күйде ұстайды және оның көрсетілуін байқап отырады. Радиоактивті жауын-шашын түскен кезде ол аспап көрсетулері бойынша радиация деңгейін анықтап, ол жайлы пост бастығына мәлімдейді және пост бастығының бұйрығы бойынша радиоактивті зақымдануы жайында хабарлау белгілерін береді. Содан кейін газтұмылдырықты, теріні қорғау құралдарын киіп, аспап көрсетулерін үздіксіз бақылауын жалғастыра береді. Барлаушы радиация деңгейі көбейге жағдайда пост бастығына баяндайды да, оның рұқсатымен панаға барып тасаланады.
Радиация деңгейінің өзгерісі туралы бақылау тасадан жүргізіледі, бұл кезде иондалған сәулелену коэффицентінің әлсіз екендігін есепке алады. Коэффицент аспап бойынша екі өлшеу жолымен - тасадан тыс және таса ішінде анықталады. Бірінші өлшеудің екіншісіне қатынасы әлсіздену коэффиценті болып табылады. Тасадағы радиация деңгейін өлшеп және оның мәнін әлсіздену коэффицентіне көбейте отырып жергілікті жердегі радиация деңгейі анықталады.
Бақылаушы радиация деңгейін өлшей отырып олардың өсуі мен төмендеуін белгілейді.
Қарсылас химиялық қаруды қолданған немесе ауада уландырғыш заттар таралу белгілері білінген жағдайда бақылаушы кезекші газтұмылдырық пен теріні қорғау құралдарын киіп, пост бастығына мәлімдейді де, оның нұсқауы бойынша хабарлау сигналдарын береді және әрекет етеді. Бақылаушы аумақты зерттей отырып
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>