ң жағына, қозғалыс бағытына қарай орналастырады; белгілеу ағашына радиация деңгейі, өлшеу уақыты мен күні көрсетіледі.
Барлаушылар зақымдану аймағын айналып өту бағытын және шығар жерде оның сыртқы шекарасын көрсеткіштермен белгілейді.
Елді мекендердегі өрттің шығуы, үйінділер, маршруттағы қираған аймақтар және басқа да кедергілер кездесе қалған жағдайда барлаушы олардың сипатын және құрамалардың әрекет етуіне, олардың тигізетін әсер ету мүмкіндігін нақтылайды, оларды басып өту жолдарын іздестіреді.
Маршруттағы жағдай туралы мәліметтерді буын командирі АҚ штабының бастығына мәлімдейді және маршрут сызбасын түсіреді.
Объект аумағына келіп жеткен соң буын барлау жүргізу үшін өзіне тағайындалған аймақта әрекет етеді. Барлаушылар ең алдымен радиация деңгейін, улағыш заттардың түрі мен бар болуын анықтайды. Содан соң паналар мен тасаларды іздеп, олардың жағдайын, оларға жету жолдарын айқындайды.
Барлау буынының командирі жағдай мәліметтерін объект кәртішкесіне түсіріп, барлау нәтижесін АҚ штабының бастығына мәлімдейді.
Барлаушы буын өз тапсырмасын орындағаннан соң объект аумағындағы құтқару және шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстарын өткізу барысына бақылау жүргізуге тартылуы немесе жиналу пунктіне шақырылуы мүмкін.
в) Қорытынды бөлім - 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Радиациялық және химиялық бақылау посты үшін орын таңдау қалай жүзеге асырылады және оның жабдықталуы қандай?
"Әуе дабылы!" сигналы ядролық жарылыс кезінде, радиоактивті зақымдалуды табуда және улағыш заттар белгілерінің ауада пайда болуы кезінде бақылаушы іс-әрекеті қандай?
Барлау буынының қала сырты аймағындағы бастапқы ауданында барлау жүргізуі жайлы айтып беріңдер.
Маршрутта радиоактивті және химиялық зақымдануды табу кезінде
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>