Ойындарды қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 102
  • Скачиваний: 8

Ойын – эмоциялық және ақыл-ой күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ. Бір ойынның өзі әртүрлі орындалуы ,әртүрлі нысанды қабылдауы мүмкін,бірақ олардың бәрінің негізінде импровизация тұр. Ойын табиғатын ,оның таңқаларлық мүмкіндігін түсіну – бұл бақытты балалық шақтың табиғатын түсіну, өзіңіз бағып отырған балаларды түсіну.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада,парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және балалардың ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі және ойын барысында неге үйренгендігін білу қажет.Ойын оқушылардың ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек .
Рөлдік ойын басқа тілде қарым-қатынас жасау, сөйлесу саласын кеңейтуге, білім алушылар пікір айтуда мазмұнды жағына назар аударуға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды дамыту және машықтандыру жаттығуларындағы тіл материалдарын алдын-ала меңгеруді болжайды. Сабақта жиі қолданылатын рөлдік ойындардың түрін төмендегі кестеден көрінеді.
1-кесте Рөлдік ойын түрлері.
Рөлдік ойын түрлері Рөлдік ойын қасиеттері.
1.Бақыланатын Оқушылар қажетті сөздерді алады.
2.Белгіленген деңгейде бақыланатын Оқушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады.
3.Еркін Оқушылар қарым-қатынас жағдайын алады.
4.Эпизодтық Жекелеген эпизод ойналады.
5.Ұзақ Ұзақ уақыт кезеңінде эпизодтар сериясы ойналады (мысалы, сынып өмірінен).
Бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда қарапайым түр болып табылады және диалог немесе мәтін негізінде құрылуы мүмкін.Бірінші жағдайда оқушылар базалық диалогпен танысады және оны өңдейді.Содан кейін олар мұғаліммен бірге диалог мазмұнын талқылайды,сөйлеу эпизоды нормаларын және қажетті лексиканы өңдейді.
Белгіленген шекте бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда күрделі болып табылады,онда қатысушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипаттамасын алады. Мәселе мынаған негізделеді: рөлдік мінез-құлық ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады. Қалған қатысушылар олардың әріптесі қандай мінез-құлық көрсететіндігін табу маңызды және өзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс.
Еркін рөлдік ойынды жүргізген кезде оқушылардың өздері қандай лексиканы пайдаланғаны дұрыс,әрекет қалай дамуы тиіс екендігін шешу тиіс,мұғалім рөлдік ойынның тақырыбын ғана атайды,ал содан кейін оқушылардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі жағдайларды құрастыруды сұрайды.
Рөлдік ойындарға қойылатын негізгі талаптар. Қазіргі кездегі шетел тілі сабақтарында қарым-қатынастың нақты жағдайын модельдеу үшін рөлдік ойындарды пайдаланудың өзіне тиісті талаптары бар.

Олар:
1.Ойын оқу мотивациясына ынталандыруы,оқушылардың тапсырманы жақсы орындауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыруы тиіс, оны қарым-қатынастың нақты жағдайына тең жағдай негізінде жүргізу қажет.
2.Рөлдік ойынды мазмұны тұрғысынан да, нысаны жағынан да жақсы дайындау,дәл ұйымдастыру қажет. Білім алушылардың белгілі бір рөлді жақсы орындау қажеттілігіне көздері жетуі қажет. Тек сонда ғана олардың сөздері табиғи және шынайы болады.
3.Рөлдік ойынды бүкіл топ қабылдауы тиіс.
4.Ол міндетті түрде жағымды шығармашылық ортада жүргізіледі, оқушыларда қанағаттану, қуаныш сезімін тудырады. Рөлдік ойында білім алушылар өздерін неғұрлым еркін сезінсе, олар соғұрлым қарым-қатынасқа қызығушылық білдіретін болады. Уақыт өте келе онда өз күштеріне деген сенімділік сезімі,яғни әртүрлі рөлдерді ойнай аламын деген сенім пайда болады.
5.Ойын білім алушылар белсенді сөздік қарым-қатынасқа мүмкіндігінше көп тиімділікпен өңделетін сөздік материалды пайдалана алуы үшін ұйымдастырыла алады.
6.Оқытушы міндетті түрде рөлдік ойынға, оның тиімділігіне сенеді. Тек осындай жағдайларда ол жақсы нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін.
7.Оқытушының білім алушылармен байланыс орната білуі үлкен мәнділікке ие.
Рөлдік ойынды дайындау, жүргізу және талқылауды басқарудағы және оқу-байланыс орнату жағдайларын құрудағы негізгі қызметті оқытушы да, оқушы да жүзеге асыруы мүмкін. Сонымен, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойындардың құрылымдық негізі болып тадылады. Қарым-қатынасты үлгі ете отырып, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойын құрамындағы маңызды компонент ретінде оқушыларды ұсынылған жағдайларға қояды .
Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолданудағы мұғалімнің рөлі. Оқушылардың көзқарасы бойынша рөлдік ойын – бұл ойын әрекеті, ол процесте олар белгіленген рөлдерден көрінеді. Шетел тілін үйрету барысында мұғалім бірнеше рөл атқара алады. Онда осы рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай? Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.
1.Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
3.Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болуы тиіс.
4.Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.
5.Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта сол қателермен жұмыс істейді.
6.Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі шет ел тілін өзі қаншалықты біледі, соған орай өздері де рөлді тез тандайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн.
Мұғалім позициясынан рөлдік ойын оқу процесін ұйымдастыру нысаны ретінде көрінеді,оның мақсаты оқушыларда сөздік дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыруға және дамытуға негізделеді.
Рөлдік ойынды қолдану барысында мұғалім келесі позицияларды ұстанады:
1-схема Рөлдік ойындарды қолданудағы мұғалімнің рөлі
Рөлдік ойын қолданудағы мұғалімнің рөлі

Басқарушы
Қатысушы
Бақылаушы

Сценарий жазушы, режиссер Оқушылармен бірге орындайды Ойын барысын кадағалап отырады

Бұл схемада көрініп тұрғандай, сабақ барысында мұғалім көптеген ситуациялық рөлдерді ойнауға тура келеді. Олар біріңғай әлеуметтік қатынастарға берілмейді, педагогикалық қарым-қатынас жағдайында анықталады және сабақты ұйымдастыру нысанына байланысты анықталады, мысалы, бақылаушы рөлі, қарым-қатынас бойынша әріптес рөлі, қатысушы немесе әрекетті ұйымдастырушы рөлі т.б.
Рөлдік ойын адамды әлдейқайда икемді етеді, яғни тілдік мінез-құлыққа шеберлікке қол жеткізе отырып, ол алынған дағдылар мен икемділіктерді жаңа жағдайларда оңай қолдана алады.
Мұғалімнің міндеті - нақты материалдағы қажет ситуациялар иллюстрацияларды,ситуациялар мәселелерді таңдау, дидактикалық материалды дайындау: әрқайсысы үшін карточка тапсырмалар, рөлдерді бөлу, оқушылар өз көзқарасын айтуы тиіс міндеттер қою,болжамды жауаптар, сөздер ойластыру, ойын өткізу уақытында оқушыларға қызығушылық білдіру және назар аудару.
«Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды қолданудың ерекшеліктері» деп аталады. Рөлдік ойын да үлкен оқыту мүмкіндіктеріне ие. Рөлдік ойынды қарым-қатынастың ең нақты үлгісі ретінде бағалауға болады.Ол шындыққа оның ең маңызды белгілерінің ұқсауын болжайды. Сол себепті психологтар шетел тілін оқытуда «театрдан үйрену»тезисін ұсынады. Рөлдік ойындарда өмірдің өзіндегідей әріптестердің сөздік емес мінез-құлықтары тығыз негізде қиысады.
Рөлдік ойындардың оқыту мүмкіндіктері.
1.Рөлдік ойын себепті қоздырушы жоспардағы үлкен мүмкіндіктерге ие.Қарым-қатынас ешқандай себепсіз, яғни мотивсіз мүмкін еместігі белгілі.Бірақ оқу жағдайларында пікір айтуға себеп тудыру оңай емес.Қиындық келесі сатылыққа негізделеді:мұғалім жағдайды қарым-қатынас атмосферасы қалыптасатындай етіп суреттеуі тиіс, яғни ол өз кезегінде оқушыларда өз ойын көрсете білуге ішкі қажеттілік тудыруы қажет.
2.Рөлдік ойын жеке тұлғаның барлық болып жатқан нәрсеге жанасуын күшейтеді. Білім алушы өзінің «мені» арқылы болмаса да , бірақ тиісті рөлдің «мені» арқылы жағдайға кіреді және мұнда әртістің өзі ойнайтын кейіпкерге қатынасы көрінеді.Әдетте әртістер оларға үлкен қызығушылық білдіреді. Жеке тұлғаны анық түйсіну (тіпті кейіпкер жағымсыз болса да) «әртістің» эмоциялық тонусын көтереді, ал бұл нәтижеге, шет ел тілін меңгеруге оңтайлы әсер етеді.
3.Рөлдік ойын тіл материалын меңгеру кезінде ассоциативті қорды кеңейтуге ықпал етеді. Есте сақтайтын нәрсе - оқу пьесасы театр пьесасының типі бойынша құрылады, ал ол қалыптасқан жағдайдың сипатталуын, әрекет етуші тұлғалардың мінез-құлқын, олардың арасындағы қатынастардың сипатталуын болжайды.Сондықтан әрбір пікірдің артында нақты шындық үлгісінің кесіндісі тұрады.
4.Рөлдік ойын белім беру ынтымақтастығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені этюдты орындау оқушылар тобын қамтиды, (рөлдік ойын тек диалог негізінде емес,сонымен бірге полилог ретінде құрылады) онда олар бір-бірінің көзқарасын ескере отырып, өзара бірігіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс. Рөлдерді бөлу оқушылардың тілдік , сондай-ақ әртістік мүмкіндіктерін ескеру қажет,біреулеріне вербалды,екіншілеріне ым-ишара рөлдерді тапсырып, үшіншілеріне мәтін негізінде айтып отыруға құқық беретін «суфлер»рөлдері тағайындалады.
5.Рөлдік ойын білім беруші мәнге ие.Білім алушылар қарапайым нысанда болса да театр технологиясымен танысады. Кез келген жаналық қолдау табады, өйткені білім беру жағдайларында мұндай мүмкіндіктер шектеулі, ал ойлап тапқыштық үшін үлкен кеңістіктер ашылады.Басқа күйге енудің өзі психологиялық диапазонның кеңеуіне, басқа адамдарды түсінуге ықпал етеді.
Рөлдік ойындардың ерекшеліктері: рөлдік ойынды қарым-қатынастың нақты үлгісі ретінде бағалауға болады, өйткені ол шын мәнінде өте маңызды белгілерімен ұқсауға тырысады және онда өмірдегі сияқты әріптестердің сөйлесуі және басқа мінез-құлықтары кездеседі .
Рөлдік ойын оқу ынтымақтастығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Себебі оның орындалуы жолдастарының пікірін дәл ескере отырып, бірлесіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс,сонымен қатар оқушылар тобын қамтуды болжайды.
Мұғалімдер де, тәрбиешілер де және ата-аналар да, бәріміз есте сақтайтын жағдай - ересек адамның жұмыс істеуі міндетті сияқты,балаға да ойын қажет.
Ойын әрқашан шешім қабылдауды – қалай істеу керек, не айту керек, қалай ұту керек екендігін болжайды. Ойнаушылардың ойлау әрекетін тездетеді.Ал егер бала шет ел тілінде ойлайтын болса ше? Әрине,мұнда бай оқыту мүмкіндіктері жасырын тұр. Бірақ балалар бұл туралы ойланбайды. Олар үшін ойын бірінші кезекте – тартымды сабақ. Ойында бәрі тең. Ол тіпті әлсіз оқушылардың қолынан да келеді.Теңдік, қызығушылық атмосферасы және қуаныш сезімі, тапсырманы орындай алатындығын түйсіну сөз бірліктерін еркін қолдануға кедергі болатын ұйялшақтықты жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижелеріне оңтайлы әсер етеді. Тіл материалы байқатпай меңгеріледі, ал осымен бірге қанағаттану сезімі пайда болады. Осылайша, біз ойынды жағдайлы–вариантты жаттығу ретінде қарастырамыз, мұнда оған тән – сезімталдық, мақсатты бағыттылық, сөйлеп әсер ету белгілері арқылы нақты сөйлеу қарым-қатынасына мүмкіндігінше жақындатылған жағдайларда сөйлеу үлгісін көп рет қайталау үшін мүмкіндік құрылады.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: