ық. Терісін арқасының ұзына бойынан тіліп, қанаттарын, басын, құрсағын тіліп, ішкі мүшелерін алып тастайды. Сосын жуады. Жалпақтап, терілі-сүйекті сүбе алады. Сүбеден сүйектерін арылтып, терісін сыпырады да сыбаға кесектеріне тұрайды.
Миногалар. Миноганы ішкі мүшелерін, басынан, т. б. тазаламайды, бірақ сыртындағы сілекейінен(ол улы болуы мүмкін). Ол үшін минога денесін ас тұзымен ысқылап алып, жақсылап жуады.
Бельдюга. Ұсақ қабыршақты, тұрпайы терісін "месше", нәлім сияқты, сыпырып алады.
Бекіре балықтарды өңдеу. Балықты тартымдар үшін өңдеу.
Бекіре тұқымдасы балықтар (бекіре, қортпа (белуга), сүйрік (стерлядь)) қоғамдық тамақтандыру орындарына толық ақтармаланған турінде түседі Бекіре балығы мүлде сүйексіз болады. Оның етінен әр түрлі балық тағамдарын және ыстықтай ысталған тағамдар әзірлейді, оларды мұздатып және тоңазытып сатады, сонымен бірге бекіре балықтың еті барлық аспаздык тағамдар әзірлеуге жарай береді.
Бекірені дайындауға кіріскенде олардың терісіндегі тері жегіштер мен басқа да пайда болған қатты түйіршіктерді алып тастау керек. Ол үшін балықты 2-3 минут қайнаған суға батырып алып, құйрығын пышақпен кесіп тастайды. Бұдан кейін балықты жуып, қабыршақтың қалып қоймауын қадағалау қажет.
Балықты ауада 8. . . 10 сағат бойы жібітеді. Жібіген соң сүйек қатарларын және арқа қанатшасын тері жолағымен бірге кесіп тастайды. Басын көлденеңінен тіліп, шеміршегін шабады да, кеуде қанатшаларымен бірге алып тастайды. Содан соң құйрық маңын айнала тіліп, балық жонын (хорда) құйрык қанатшасынан тартады. Май қабатының тура ортасынан екі сүбеге бөледі (бекіре балыктарының сүбесі звено деп аталады). Звенолардан бүйір және қарын қылшық - сүйек қатарларын және қатайған қабыршақтарың алып тастауды жеңілдету үшін оны ыстық сумен (45. . .
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>