зылады.
Сандық Асан қыс
Сұлу қасық тыс
Сабын Асыл қарындас
Сурет асық бас
Сағат маса құс
Самолет ұста жолбарыс
Дыбысты сөйлем ішінде келтіріп жаттықтыру. Сара сабын алды. Самал соғып тұр.
Жұмбақ
Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады. (Сабын)
Жаңылтпаш:
Арықтан су сылдырап ағады,
Сылдырап ағады.
Сылдырлап ағады,
Сылдырап ағып,
Сылдырамаға барады.
Сылдырамадан сылдырап ағып,
Сырдария барады.
Мақал-мәтел
"Судың да сұрауы бар"
Ш дыбысын буын ішінде дұрыс естіп ажырату жаттығулары
Ша-ша-ша-шана
Аш-аш-аш-ашық
Шу-шу-шу-шуда
Ұш - ұш-ұш- ұшқыш
Шы-шы-шы-шыны
Ыш-ыш-ыш-қыш
Ше-ше-ше-шелек
Өш-өш-өш-көш
Ши-ши-ши-шие
Ош - ош-ош-қошақан
Шө-шө-шө-шөп
Ош-ош-ош-ошақ
Дидактикалық құралда ұсынылған суреттердің атын айтып,ш дыбысы сөздің қай жерінде тұрғанын анықтау.
Шана қашау қысқыш
Шаңғы қойшы қыыылыш
Шалғы пышақ ағаш
Шапа тышқан қарындаш.
Ш дыбысының сөйлем ішінде . Шара шана тепкен
Шолпан шам жақты.
Әтеш шақырады.
Балаларға мәнерлеп айтуға тақпақтар оқытылады.
Биіктен түссең,қол шана,
Ауыр емес онаша!
Сүйретсең өрге, қол шана
Жеңіл емес оншама!
Ортақ болсын қол шана,
Ауыр-жеңіл болса да.
Жұмбақтың шешуін тапқызып, ш дыбысын анықтау.
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
С-Ш дыбыстарын ажыратуға байланысты сөздерді, сөйлемдерді айтқызу.
Санау-шана
Асық - ашық
Қас - қаш
Шолпан мен Сәуле суға шомылды.
Шәкенің атасы-шопан.
Жаңылтпашты қайталап айтқызу-ұтымды тәсілдердің бірі.
Шемішке шақсаң шақ,
Шапшаң шақ.
Шөбіңді шапсаң шап,
Шапшан шап.
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі е
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>