Баланың сөйлеу тілінің кемістігі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тіне ескеру қажет. Баланың тілін дамытуда ең алдымен қажетті жағдай жасау.
Сөйлеуді дамыту сабағында балаларға жақсы сөйлеу орталығын құрып, сөйлеу кемшіліктерін жою мен дұрыс сөйлеуді қалыптастыру. Оларға дұрыс сөйлеуді үйренуге,тындауға, айтуға, құрастыруға сөйлеу мәдениетін көтеруге мүмкіндік беру.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдеби шығармалар: халық ауыз әдебиеті үлгілері, жеңіл сюжетке құрылған әңгімелер, ертегілер, өлеңдер. Көркем әдеби шығармаларды ұтымды пайдалану бала қиялын шарықтатып ақыл-ойын,тілін дамытады. Тілінің мүкістігі бар балаларға лайықты, жеңіл ойынақы күлдіргі өлең-тақпақтар мақсатқа сай алынып жүргізіледі. Олардың жаттауы да қиын емес және өлең сөздері балаға ерекше әсер етеді.
Мысалы "Бақа" күлдіргі өлең.
-Бақа,бақа,балпақ,
Басын неге жалпақ.
-Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ. -деп 3-4 рет қайталап айтқызу арқылы "Б" дыбысын анықайта білуге жаттықтырылады.

Жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы "Б" дыбысты бекітеді.
-Мыну балқаймақ.
-Мынау балқаймақ, қай балқаймақ.
-Бұл балқаймақ-май балқаймақ.

"Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар" (Бидай)

Ба-ба-ба,қымыз толы саба.
Бала тілінде жиі кездесетін кемістіктің бірі-баланың дыбысты дұрыс айтпауы. Дыбысты бала қалай естуін тексергеннен кейін дыбыстың артикуляциясының дұрыстығын тексеру керек.
Әрбір дауысты дыбыстардың айтылу артикуляциясынан кейін дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтуын көрсетеді, сөз, сөйлем ішіне енгізеді, баланы жаттықтырады. Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында тығыз байланыс болып,ата-аналарға төмендегі дыбыстардың артикуляцияларыды беріледі.
А дауысты дыбысын айтқанда ауыз кең ашылып, тіл ауыз қуысында еркін жатады. Дауыс шымылдығы ашық бол

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: