Баланың сөйлеу тілінің кемістігі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ады.
О дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп,тілдің ұшы астынһңғы тістен алыстап, арты сәл жоғары көтеріледі.
У дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп,алға созылады. Тілдің ұшы жиырылып, артжағы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық.
Э дыбысын айтқанда ауыз, тіс сәл ашылып,тіл ұшы астыңғы тістің түбіне тиіп, ортасы сәл көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық.
И дыбысын айтқанда ерін күлгендегідей екі езуге қарай керіліп, барлық тіс түгел көрінеді. Тіл ұшы төменгі тістің түбіне жанасады, ал тілдің ортасы көтеріліп, ауыз қуысынан артқа қарай лықсиды. Дауыс шымылдығы ашық болады.
Ы дыбысын айтқанда ерін ашылып, тістер түгел көрінеді, тілдің ұшы сүйірленіп,арты жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.
Ү дыбысын айтқанда ерін түтікшеге ұқсап алға қарай созылып,тіл ауыз қуысының түбінде жатады да, ұшы сәл сүйірленіп, жоғары көтеріліңкірейді. Дауыс шымылдығы ашық болады.
Ұ дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп,алға қарай жиырылады. Тіл ұшы астыңғы тістен алыстап, түп жағы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.
Ө дыбысын айтқанда, ерін дөңгеленеді, тіл ұшы астыңғы тістерге тиеді де, ортасы көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.
Ә дыбысын айтқанда, тіл алға қарай қозғалып,тіл ұшы астыңғы тістердің түбіне тиіп, ортасы таңдайға қарай көтеріледі. Айыз кеңінен ашылады.
Жеке дыбыстарды дұрыс айтқызуда, бала с дыбысын дұрыс айтып үйренгеннен кейін есту қабілетін,тілін жетілдіру үшін, сол дыбысты буын, сөз, сөйлем, тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ ішінде ажырата білуге үйрету.
Са-са-са-Са-ра се-се-се-кесе
Со-со-со-соқа ас-ас-ас-тас
Су-су-су-суық ос-ос-ос-тос
Сы-сы-сы-сынақ ыс-ыс-ыс-тыс
Сө -сө-сөре өс-өс-өс-төс.
С дыбысын буын ішінде айтып жаттыққаннан кейін,сөз ішінде, сөздің басында,ортасында, аяғында келтіріліп айтқы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: