Балалардың сөздік қорын дамыту

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ. Ойын дегеніміз не? Ойындар, жаттығулар баланың логикалық ойлау қабілетін дамытып, бақылауға, зейін қоюға, білуге құмарлығын арттырады.
Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.
Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. Тіл үйренуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі ойынмен ұштасып келеді. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Мысалы, жемістер - көкөністер тақырыбына байланысты "Дүкен" ойынын ойнауға болады. Үстел үстіне жемістердің муляждарын "сатуға" қойып, ойнау. Бала дүкенге кіріп амандасады, қазақша айтуға тырысады. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.
"Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте - деп ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: