інің міндеттері" әдістемесі. Бұл әдістеме бойынша баланың шығармашылық қиялын, ойын, тілін дамыту үшін бала көп сөйлеу керек, ойын толық айтуы тиіс. Қысқаша осы әдіске тоқталып кетейін.
ОТТШМ - балалардың логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып қана қоймайды, оларды зейін қоюға үйретеді.
Балалармен жұмыс жасаудағы осы технологияның негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Мектепке дейінгі балалармен оқу - тәрбиелік іс- әрекетті дұрыс ұйымдастыру қажет, қазақ тілі сабағында ОТТШМ технологиясы бойынша әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолданамыз.
ОТТШМ - ұраны - "Ойдағының бәрін айтуға болады", сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып, жеткізуге тырысады.
ОТТШМ технологиясы бойынша "Ой шабуылы" әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Яғни, ол балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.
Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.
Мысалы: "Ой шабылуы".
"Егерде . . . , не болады?"
" . . . жаңбыр тоқтамай жауады".
Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді. "Ой шабуылының" жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне байланысты болады. Егерде бала сұрақ қойса, оған тез жауап бермейміз. Керісінше, оның ол туралы не ойлап тұрғанын сұраймыз. Оған талқылауға немесе баланың жетекші сұраққа жауапты өзінің тапқанын сұраймыз. Егер бала сұрақ қоймаса, онда қарама - қайшы әдісті қолданамыз. Жауап табу мақсатында, баланы жағдаятқа қоямыз. Бұл ауызша ойын.
Мысалы, "Жақсы - жаман". Мысалы, "жаңбыр - жақсы немесе - жаман"
Мақсаты: Қандай да болсын объектінің, жағдаяттың жақсы, жаман жақтарын табу, ненің зиян, ненің кедер
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>