Балалардың сөздік қорын дамыту

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы - рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта "Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді" деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
Қорыта айтқанда, ойын -- балалардың негізгі іс -- әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Тіл жеке адаманың шаруасы емес. Мемлекеттің де басты байлығы дүниесі емес. Тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі- елдің мерейі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Осыны ұмытпауымыз керек.




Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: