гі екендігін, ненің қажет екендігін білу.
Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деген сенімдемін. Қазіргі заман талабы - жаңа ақпараттық және оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: "Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек", - деген. Шынымен де, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, балалардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім.
1. Қазақ тілі сабағында қолданылған аудиокітаптар балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады.
2. "Сөйлетін кітаптар" арқылы кітап бетіндегі сабаққа қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.
3. Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т. б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.
4. "Музыка немесе дыбыстармен жұмыс" мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы сабақты түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.
Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.
Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.
Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>