Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

. Балалардың бұл талпынысы олардың бейнелеу қызметінің образды екенін көрсетеді, зат қандай болса, сондай етіп орындауға ниет білдіреді. Жасалатын образды ұсақ тетіктермен толықтыра отырып, балалар көлемді бейнелеумен жие әуестенеді. Мәселен, олар көзді екі кішкентай шарик түрінде,құлақ,ауыз ,балық қабыршағын жалпиған күйінде жабыстырады. Бұл жастағы балалардың пішінді мұқият өңдеуге талпынбайтындығына байланысты, сабақ кезінде олардың басқа немесе біртекті заттардың (мәселен, мысықты жасай отырып, бала бір мезгілде табақты немесе сүт құятын ыдысты жасай алады) пішінін жасауға уақтылы қалады. Ересек балалар тобындағылар сазбен жұмыс істеу ұқыптылықты қажет ететінін: сазды стол үстіне шашып тастауға, еденге түсіруге болмайтынын жақсы біледі. Кіші топ пен ортанғы топтағы балалар пішіндеуде тақтада жасаса, бұрынғыдан күрделірек бейнелер талап етілетін ересек балалар тобында стол үстінне қойылатын айналмалы станоктарды енгізуге болады, олар мұны жақсы орынды пайдалана алады. Станокта жұмыс жасау мүсінді қолмен айналдырмай-ақ оның барлық жағынан өңдеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мұның өзі балаларға қызғылықты болады, олар станокпен қуана жұмыс істейді. Сонымен, біз ортанғы топтағы балаларға қарағанда, ересек топ балаларының творчестволық мүмкіндіктері кең екенін көреміз.
Қортындылай келіп, түрлі жастағы топтарда пішінін жасау жөніндегі сабақтарда балалар творчествосын дамыту үшін оқып үйретудің сан алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін , инициативасын көтермелейтін, бала қиялы мен түсінігін дамытатын әдістер қолданылады деп айтуға болады.


Мүсіндеу оқу іс -әрекетінің жас ерекшелігі бойынша әдістері.
1-сәбилер тобында: Алғашқы сабақта саз балшықпен мүсін жасау жұмыстарымен басталады. Мұнда тәрбиеші балаларды мүсіндеуге

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: