Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ұлағын делдитіп, тыңдап тұр, ал екіншісі құлағын арқасына басып, тыныш отыр) жасайтындығын айтуға болады. Мүсіндеу әдісін көрсетпеуге де болады,бірақ сабақтың бастамасында фарфордан немесе ағаштан жасалған қоян тұлғаларын, ал егер олар жоқ болса - түрлі қалпында бейнелеп, тәрбиеші жасалған қоянның екі тұлғасын міндетті тіүрде көрсету керек. Мүсіндеудің мұндай методикасы ортаңғы топтағы балалардың сабақты түсіндіру үстіне белсенді болуына тәрбиешіні тыңдауға, оның сұрақтарына жауап беруге,мүсіндеу үшін тақырыпты өз бетінше таңдай білуге үйретеді. Сонымен,бұл тапсырмаларда оқып үйрену сәті де,творчесволық сипат сәті де бар. Олар балаларды қай затты бейнелейтінін және қалай бейнелейтінін ойластыруға және оны шешуге мәжбүр етеді. Мүсіндеудегі образдылыққа жете отырып, тәрбиеші балаларға тұлғаның беткі жағын өңдеудің әдістерін көрсетеді. Мәселен балықтың пішінін көрсететін болса, тәрбиеші таңба таяқшамен белгілей отырып, қабыршықты қалай бейнелеуге болатынын көрсетеді. Өңделген фигура тартымды, сәнді болып шығады. Одан әрі балалар бұл әдісті өз бетімен пайдалана алады және ол жөнінде тәрбиеші тек еске салып отырса болғаны. Ыдыстарды бейнелегенде, ортаңғы топтағы балаларға заттың беті саусақтармен қалай тегістелетінін көрсетуге болады. Бірте-бірте олар жасалған заттың беті кейде тегістеуді қажет етедігінде, ал кейде мәселен, жануарларды бейнелегенде, ол кедір-бұдырлы болатынын түсінеді. Мүсіндеу іскерлігінің шындала түсуі жыл ортасына қарай түпкі ой бойынша өткізілетін сабақтарда балалар дербестігінің көрінуі үшін зор мүмкіндіктері ашады, бұл кезде сабақ сипаты біршама өзгереді. Образдарды көз алдына елестету және жабыстыру тәсілдеріне үйрету жөнінде балалармен жүиелі жұмыс жүргізілсе, онда балалар бейнелеу әдістерін еркін пайдалана бастайды, тіпті шағын компазициялар да жаса

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: