БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Денсаулық" еліне саяхат

Ұйқының пайдасы Балаларға күніне 9- 10 сағат, ал ересектерге 6- 7 сағат ұйықтаған пайдалырақ. Түскі мезгілде де ұйықтап алған жаман болмайды, ми біршама тынығып қалады. Адам күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, белгілі бір мезгілде тұруды әдеттке айналдыру керек. Ал егер олай істемесе "ұйқы қанбаушылық" деген әдетке айналады. Ұйқының пайдасы Түн ортасына дейінгі ұйқы маңызды ма? Көз шырымын алған пайдалы ма? Ұйқысыз ұзақ өмір сүруге бола ма? Енді осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрейік. Бәз өміріміздің үштен бір бөлігін ұйқымен өткіземіз. Бұл тіршілік үшін аса қажет. Бір күн ұйқы қанбаса - адамның түрі өзгеріп, көңіл-күйі онша болмайды. Ал бірнеше күн ұйқысыз өткізсе, бейне бір аурудан тұрғандай түрі қашып, өңі бозарып кетеді. Біз әрине Эдисон не Наполеон емеспіз, оларға түнде 4 сағат, күндіз жарты сағат ұйқы жеткілікті болған. Ал бізге тәулігіне 8 сағат ұйықтау қажет. Қанша құнды уақытты ұйқымен жоғалтамыз. Ұйқы адамға сонша қажет пе деген сұрақ туады. Американдық ғалымдар ұзақ уақыт ұйқысыз тіршілікті зерттемекші болады (200 сағат). Тәжірибеге Нью-Йорк радиосының дикторы ықылас білдіреді. Алғашқы 135 сағат бойы ол қалыпты жағдайда сөйлеп, әр сағат сайын өзі туралы хабарлап отырған. Дәрігерлер оның хал - жағдайын тексеріп, үнемі жүрек-қан тамырларын, тыныс алу органдарының жұмысын тыңғылықты бақылап тұрады. Күніне бес уақыт арнайы дәмді тағамдармен тамақтандырады. Диктор мезгіл-мезгіл салқын душ қабылдап, бассейнде жүзеді. Соған қарамастан бесінші күннің кешінде ұйқы мүлде меңдейді, дәрігерлер организмді сергітетін әр түрлі дәрі - дәрмек береді. Алтыншы күні айтқанынан жаңылысып, тұтығып қалады. Кейіннен есінен шатасып, басының сақинасы ұстайды. Эксперименттік зерттеуге арналған 200 сағат өткен соң ол 13 сағат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: