13 минут сеспей ұйықтапты. Оянған кезде сап-сау, ағзасында ешбір өзгеріс жоқ, миы тынығып, бұрынғы қалпына келіпті. Дегенмен адам бойына күш-қуат, жігер жинау үшін шаршағанды басып, нерв жүйесін тынықтыруда тәтті ұйқының маңызы өте зор. Ең алдымен сол ұйқыға бейімделу керек. Уақытында ұйықтауға үйрену шартты рефлекске айналғаны дұрыс. Ұйықтай алмайтын адамдар ұйықтау қабілетін жоғалтқан жоқ, тек дағдыға айналған. Ұйқының бұзылуы тамақтануға тікелей байланысты. Тойып ішкен тамақтан соң адам өте тынышсыз ұйықтайды. Ащы шай мен кофе де уақытында ұйықтауға кедергі жасайды. Бөлмені желдетіп, ауасын тазартса, іші аса ыстық не суық болмаса, көзге жарық түсіп шағылыспаса - ұйқы қанық болады. Жататын жайлы орынның да маңызы зор. Сонымен қатар жамылатын көрпе де үлкен роль атқарады. Оның жеңіл, ауа өткізетін жұмсақ, икемді, оралымды болғаны абзал. Француз ғалымдары осындай көрпе жамылуды ұсынады. Ауыр көрпе зілдей басып, қан айналысын кемітеді. Соның салдарынан ауа еркін өтпей, дене қатты қызады. Дегенмен, адамның үйреншікті әдеті бәрінен де жоғары. Қызба, ашушаң, ызақор адамдар және кішкене балалар қараңғы үйде ұйықтай алмайды. Сондықтан оларға жарық жағып қою керек. Оның ешбір зияны жоқ. Ал кейбіреулер жатар алдында бір-екі қасық қант не бал езіп ішеді. Бұл да пайдалы. Өйткені қант, бал ішкен соң тісті жақсылап тазалау керек. Әйтпесе тіс зақымданады. Кейбіреулердің ұйықтар алдында кітап оқитын әдеті бар. Осының бәрі дәрісіз ұйықтауға арналған жаттығулар. Күнде әдетке айналдырған соң сол дағдыларды қалыптастырса, ұйықтау да оңай әрі күні бойы қалжырап шаршағанды тамаша тәтті ұйқымен жоюға болады.
Жуылмаған жемістің әлегі.
Жаз мезгілі неткен тамаша! Айнала қоршай піскен жеміс-жидектер. Ал сол даладағы жемістерді жумай жеуге бола ма? Ол қандай қиынндық тудырады?
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>