Егер жеміс-жидектерді жумай жесе адамның ішіне микробтар кетеді. "Микроб" грек тілінде "микрос"- кішкентай, "биос"- өмір деген мағына береді. Микробтардың пайдалысы және зияндысы болады. Олар барлық жерде: ауада, суда, тіпті адам денесінде де кездеседі. Бірақ оны жай көзбен көру мүмкін емес. Ол үшін арнайы микроскоп құралы қажет. Пайдалы микробтардың көмегімен айран, ірімшік, т. б. тамақтар алынады, ас қорытылады. Ал зиянды микробтар ағзаға түссе, түрлі аурулардың пайда болуына жол ашады. Жуылмаған жеміс-жидектердің де құрамында микробтар болады. Егер де олар ішке кетсе адамның іші ауырады, тіпті сары ауруға да шалдығуы ғажап емес. Қазір көкөністердің пісе бастаған кезі. Осы мезгілде жеткіншектер, әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер шала піскен немесе жуылмаған жеміс-жидектерді жеп қойып, соның салдарынан түрлі іш ауруларына тап болып жататыны жасырын емес. Ал мұндай жағдайда не істеу керектігін көпшілігіміз біле бермейміз. Іш ауруларының пайда болу себептері мен алдын алу жолдары. Балалардың іш ауруы (диарея) - ішек - қарын жүйесінің жұқпалы аурулары болып табылады. Бүгінде көптеген дамыған елдерде диарея ауруларының салдарынан балалар арасында өлім-жітім оқиғалары орын алуда. Сондықтан, бұл сырқатқа немқұрайды қарауға болмайды. Баланың іші ауырған кезде денесінен су мен тұзды көп жоғалтады. Іші өтіп, құсқан сәби қарны ашқанын сезбейді. Тамақ сұрамайды. Ондайда аз болса да зорлап тамақтандырып отырған жөн. Мұндай ауру сөз басында айтып кеткендей, көбінесе баланың жуылмаған жеміс-жидектерді жегенінен пайда болады. Сондықтан, жеміс-жидек пісе бастаған кезде, яғни жаздың соңғы айында баланы қатаң бақылауға алған жөн. Кейбіреулер "ішің ауырса, аузыңды тый" деген ескі қағиданы ұстанып, іші өтіп ауырған балаға тамақ бермей жатады. Бұл дұр
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>