ыс емес. Тамақ ішпеген бала одан сайын әлсірей береді, аурумен күресу қабілеті төмендейді. Ең дұрысы, бала әдеттегі үйренген тамағын тәбеті шапқанша іше бергені дұрыс. Сондай-ақ, тағамның дәмді, жұғымды болғаны жақсы. Егер, бала еметін болса, жиі емізіп отыру керек. Емшек сүті - сәби үшін таптырмайтын ем әрі тамақ. Ол жұқпалы ауруларға қарсы күресуге де жәрдемін тигізеді. Іші өтіп, құсқан балалар денесінің ылғалын, яғни суы мен электролиттерін жоғалтады, ағзасы әбден әлсірейді. Сондықтан, негізгі ем бағыты сол жоғалтқан суын, тұздарын қайтару, яғни регидратация жүргізіледі. Міндетті түрде "регидрон" беру керек. Екі жасқа дейінгі балалар іші өткен сайын 50-100 мл сұйық ішуі тиіс. Балаға көп сұйық берілсе және қалыпты тамақтанса - диарея 2-3 күнде тоқтайды.
Денсаулық
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбет те,
Құру үшін сен сауық-
Керек жақсы денсаулық.
Денсаулық- ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық- ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық- ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық- ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Күн тәртібі
Күн тәртібі- жұмыс пен
Демалудың кестесі
Пайдасыз бос жүріспен
Бір күнің де өтпесін.
Сақтау үшін тәртіпті,
Бөлу керек уақытты:
Ұйқыдан тұруға,
Мектепке баруға
Біраз демалуға,
Ішуге тамақты,
Дайындап сабақты,
Сыртта серуендеп жүруге,
Теледидар көруге,
Кітапты оқуға,
Ұйқыға жатуға.
БАЯНДАМА
БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ
Методист : Ермекова Н. Р
2018-2019 жыл
Страницы: << < 2 | 3 | 4