ттары және құстармен байланысты есімдер: Арыстан, Түлкібай, Лашын т. б.
Асыл металдар мен қымбат заттар атауларына байланысты есімдер: Алтын, Болат, Маржан т. б.
Өсімдік аттарына байланысты: Қызғалдақ, Райхан, Раушан, Гүлжан т. б.
Жеміс-жидек атауларымен байланысты: Алма, Мейіз, Анар, Жаңғақ т. б.
Туыстық атаулармен байланысты: Атабек, Баба, Туғанбай, Жиенбай т. б.
Жер-су аттарына қойылған есімдер: Алатау, Еділ, Орал, Алтай т. б.
Үй-жиһаздарымен, мүліктерге байланысты: Шара, Табақбай, Айнагүл т. б.
10. Түрлі тағам аттарына байланысты есімдер: Айранбай, Шырынбай, Шекер, Сүттібай т. б.
Балаларға ат қоюды ертеде белгілі дәрежеде ырым мен дәстүр ерекше орын алып отырған. Олардың кейбірін сөздің киелі күшімен де байланыстырып отырушылық көне дәуірден бар құбылыс. Сол ескі замандарда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтау мақсатымен елеусіз оғаш есімдер қойып отырған. Мәселен, Итбай, Күшікбай, Жаманбай тағы басқа.
Есім берудегі кеңінен тараған дәстүрдің бірі - сан есіммен байланысты болып келеді. Ондай сан есімдерден қойылған кісі аттары бір сан есімінен мың санына дейін кездеседі. Мысалы: Бірбай, Біржан, Бесбай, Жетібай, Сегізбай, Елубай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай, Мыңбай. Керісінше, сан есімнен қойылған әйел есімдері некен-саяқ қана. Ал, балаларға жарасымды да сұлу есім беруде ешбір шек болмаған есімдер тарихында ғасырлар бойы жаңару, ескіру, архаизмге айналу процесі болып отырады. Адамға ат қоюдың себептері алуан - түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып отырған. Бұл заңды құбылыс. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып отырған.
1. Бала дәулетті де бай, ауқатты болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Байбол, Дәулетбай,
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>