Алтынбай, Малбай т. б.
2. Күшті де батыл, қырағы да сақ, ержүрек болсын деп қойылған есімдер: Арыстан, Батыр, Тарғын т. б.
3. Бала сұлу да көрікті, ажарлы да әдемі болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Айсұлу, Әсем, Нұрсұлу, Ботагөз.
4. Денсаулығы зор болып, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есімдер: Ұзақ, Өмірзақ, Мыңжасар.
5. Бала ақылды да тапқыр болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Ақылбай, Ақылбек, Данышпан.
6. Бала мырза да жомарт болсын деп қойылған есімдер: Жомарт, Мырзабек, Мәртай.
Есімдерді таңдап, талғап қоюда бұлардан басқа да белгілер мен түрлі нышан, әр түрлі жағдаяттар болып отырған. Мәселеге, Аманжан, Қаржаубай, Жолай тағы басқа.
Көп ретте ертедегі есімдер халықтың әдет-ғұрып, салт-сана, тарихи дәстүрлерімен байланысты қойылып отырғаны белгілі. Ал балалары тұрмай өле берген үйлерде өмірге жаңа келген сәбилерге: Тоқтар, Тұрар, Тұрсын деген есімдер қойылып отырған.
Батырлар жырларындағы халық батырлары мен тамаша, ақылды да парасатты тарихи адамдардың дәстүрлі есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, күні бүгінге дейін қойылып келе жатыр.
Тіліміздегі кеңінен тараған екі не үш сөздерден құралған күрделі тұлғасы есімдердің көбірек кездесетіндері - құрамында бай, бек, би, хан, сұлтан, төре, шах, ханым компоненттері (сыңарлары) бар есімдер. Тарихи сипаты жағынан бұл сөздер архаизм әрі историзм ретінде келмеске кеткен әлеуметтік терминдер.
Қазақ халқы тарихында феодал ақсүйектер - өздерінің әлеуметтік тегін немесе атақ дәрежесін көрсету мақсатымен бай, бек, би, төре сияқты сөздерді өз есімдеріне қосып, қосақтай айтып отырған еді. Бұл анықтауыш сипаттағы тұлғалар сол замандардан бастап жалпы халық есімдері құрамында да жиі кездесетін.
Бірақ біздің совет
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>