опонимия десе, оларды зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады.
Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады.
Бұл өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты.
Ұрпаққа жарасымды есім беру - ежелден келе жатқан, ізі суымаған жалпы халықтың игі дәстүрi. Есімдер де халық тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп әрі жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үшін қарт шежіре сияқты ұрпаққа жеткізіп отырады.
Антропонимдер тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі болып саналады. Ол өз арнасын жалпы халық тілі қорынан алады да тіліміздің ішкі заңына сәйкес дамиды. Сөйтіп ол тілдегі сөздердің (лексиканың) барлық салаларынан жасалады. Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді.
Лексикалық тұрғыдан қарағанда, олардың көне қабаттары негізгі де ұйытқы тірек боп табылып, төмендегідей лексика-семантикалық топқа жіктеледі.
Мал шаруашылығымен байланысты есімдер: Бота, Бұқа, Аққозы. , Құлыншақ, Жылқыбай, Қозы т. б.
Табиғат құбылысымен байланысты есімдер: Таубай, Боран, Толғанай, Айым т. б.
Аңдар мен үй хайуана
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>