тік дәуірде анықтауыштар әуелі мағыналарынан айырылса, енді біреулері жаңа мағынаға ие болды. Мәселен, мырза қазіргі кезде "қайырымды", "жомарт", "мәрт адам", "бай", "әлді", "қуатты". Бұл күнде ата-аналар балаларына - бай, бек, би, сұлтан, төре сөздері арқылы жасалған есімдерді сирек беріп, балаларға мән-мағынасы айқын да анық, сұлу да көркем есімдер береді:
Мәселен, Басат, Азат, Артур, Айбек, Серік, Алма, Дина, Мира, Сәуле тағы басқа.
Кейбір есімдердің мән-мағынасы (семантикасы) мен дыбыстық сипаттары арқылы белгілі бір аймақ тұрғындарының тілдік ерекшеліктерін анық байқауға болады. Сол жергілікті тілдер негізінде қойылған есімдердің алуан түрлі тұлғалары мен тұрмыстың варианттары да ерекшеленіп тұрады. Атап айтқанда, оңтүстік, тұрғындары есімдеріне дауыссыз еріндік және сонар мдыбыстары орнына қатаң дауысты п дыбысы қолданылса, сол пдыбысы орнына сонар м дыбысының қолданылуы есімдер мен фамилиялардың тек басқа буындарында ғана емес, ортасында да кездесіп отырады. Мәселен, Пақтагүл (әдеби тілдегі Мақтагүл орнына), Палым (Балым); Полат (Болат), Палымбет (Болымбет) т. б.
Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарында, сондай-ақ Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында әдеби тіліміздегі дауыссыз ұяңш дыбысы орнына тіл алды чдыбысы қолданылады. Мәселен, Ақчал, Чегебай, Чотбай, Чойбек т. б.
Тілімізде халықтың осындай ұлттық психологиялық түсінік, ырым, наным-сенім негізінде дүниеге келген есімдер өте көп. Айталық, аты аңызға айналған Қорқыт есімінің шығу тарихы "Қорқыт ата" кітабында: "Қорқыт ата дүниеге келгенде, табиғат алай-дүлей қаһарына мініп, көк аспанды қара бұлт басып, бірнеше күн қараңғылық билеп, елдің зәре құтын қашырған күн болыпты" дел
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 > >>