Балаға ат қою

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

болғандықтан алдымен ата-анасы бұған бейжай қарамай, барлық жағын ескеруі керек.

НЕМЕРЕМНІҢ ЕСІМІ - НҰРСҰЛТАН
Момынқұл атамыздың немересі, менің қайным жақында өзі немерелі болды. Ұлының шаңырағында өмірге өздері көптен күткен егіз қыз келді. Олар әкелеріне хабарласып: "Немерелі болып жатырсыз, атын қойып берсеңіз" деп өтінген екен. "Андағы жақын жердегі үлкен үйде, қара шаңырақта көкем отырғанда (Бәкеңді айтады) маған ат қой дегендерің не?! - деп қайным жолды Бәкеңе берді. "Ата, біздің қыздарымызға ат қойып беріңіз" дегеннен Бәкең көп ойланған жоқ қыздардың есімдерін Айғаным, Зере деп қойды. Әрине, бұл - тарихта алтын әріптермен жазылып қалған әжелеріміздің аттары, ерекше есімдер. Бірі - Шоқандай ғалымды, бірі - Абайдай ақынды тәрбиелеген кемеңгер дана аналар. Қос сәбиге бірден сол есімдер қойылды. Бір қызығы, келініміз перзентханадан шығып келген күні телеарналардың бірі Айғаным әжеміз туралы тарихи деректі хабар көрсетіп жатқан екен. Ұзақ уақыт бала көтермей жүріп, қос бірдей (тфә-тфә) қызды дүниеге әкелген келініміз жаңағы хабардың перзентханадан шығып келе сап, бір қызына әжеміздің есімі берілгенде көрсетілгенін де жақсы ырымға балап, қуана хабарлап жатты. Сол әжелердегі қасиет қос періштеге жұғысты болсын деп ырымдадық біз. "Өзің ол әжелеріміз жайлы егжей-тегжейлі біліп алған соң, қыздарыңның бойына олардың даналықтарын сіңіре біл. Жақсы болып өсулеріне осы бастан тәрбиеле" деп ол келінімізге жиі айтып отырамыз. Өзіміздің отбасымызға келсек, елу жыл Кремльдің құрсауында жатқан атаның алтын жұлдызын, шынын айту керек, Нұрсұлтан Назарбаев қызметіне кірісе сала алып берді. Қарапайым жұрт біле бермейді, бірақ өте көп күш жұмсап, сол алтын жұлдызды алып берген біздің Президентіміз. Елбасы "бір ғана адамды ұсынсақ,

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: