Балаға ат қою

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

кісілердің қадір-қасиетін арттыру арқылы сәби санасына жақсылықтың дәнін егіп, оны тәрбие көзіне айналдыруға болады. Балаға ардақты адамның есімін бере отырып, соған лайықты етіп тәрбиелемесе, ол - ата-ананың кінәсі. Өйткені сәбиіне үлкен адамның есімін беру үлкен жауапкершілік жүктейді. Бір жағынан, тұлғаның есімін берудің, қазіргі тілмен айтқанда, ғарыштық салмағы болатын болса, екінші жағынан, баланы соған сай етіп тәрбиелеуде ата-ананың парызы мол болмақ.

ӨЗГЕГЕ ЕЛІКТЕУДЕН НЕ ҰТАМЫЗ?
Қазіргі кезде қазақтың ат қоюы өз бағытын жоғалтып барады. Олай дейтінім, өзіміздің ардақтыларымыздың емес, шетелдің танымал адамдарының есімін беру, біз үшін мағынасы жоқ әртүрлі аттарды қою белең алып бара жатыр. Бүгінде Диана, Тансу, Даяна, Алсу, Дамир деген сияқты қазаққа жат жеңіл аттарды қоюға әуестеніп кеттік. Одан кейінгі көңіл қынжылтарлық нәрсе - өзіміздің әдемі есімдерімізге келсін-келмесін "а" әрпін жалғап жүргендігіміз. Анарымыз - Анара, Жанарымыз - Жанара болып мәнін жоғалтып жүр. Ең сорақысы, ауызекі тілде айтылғаны былай тұрсын, құжаттарын солай толтырып жүргендер де баршылық. Сосын әп-әдемі аттарды екіге бөліп жазу "сәнге" айналды. Айталық, Алтын-Ай, Айдар-Бек деген сияқты. . . Мұны өздерінше жаңалыққа балап жүргендер бар, бірақ шындап келгенде, бұл да соқыр еліктеу ғой. Сондықтан есіміміздің дұрыс аталуы мен жазылуына да мән беру керек. Кеудесінде кішкене болса да ұлттық намысы бар, өзінің халқын, ұлтын мақтан тұтатын әрбір ата-ана баласына ойланып барып ат қойса екен деймін. Жаңа туып жатқан сәби ештеңеден хабары жоқ, өзін қалай атаса да бәрібір, ол біліп жатқан жоқ, бірақ есейе келе бала өз атының қандай мағынаға ие екенін білуге талпынады. Сондықтан ат қоюдағы үлкен жауапкершілік ата-анада. Баласының өмір бойы көтеріп жүретін есімі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: