ғаға дейін атсыз емес және солар жайдан-жай қойыла салмаған. Белгілі бір ерекшелігіне, қасиетіне, әлденеге ұқсайтын көзге ілінер көрінісіне сәйкес атты дәл тауып қойған. Балаға жыл мезгіліне қарай да есім берген. Мысалы, қыстауда туған баланы - Қыстаубай, жаз жайлауда дүниеге келген баласын Жайлаубек деп атаған деген сияқты. . . Наурыз айында туған баланы "қасиетті айда туылды, Ұлыстың ұлы күнінде дүниеге келді" деп ерекшелеген. Қызық болғанда, Кеңес өкіметі кезінде қазақтың ырымшылдығы тіпті шектен шығып кетті ғой, оған мысал - Совхозбек, Колхозбай деген сияқты аттардың көбеюі. Клара, Индира сияқты есімдердің көптеп кездесуі де - сол кезеңнің "жемісі". Бірақ қалай десек те бәрібір соның түбінде жақсы ниет жатыр. Бұлардың барлығы шынайы көңілмен қойылған есімдер. Мысалы, өмірден өткеніне жиырма сегіз жылдан асса да, тіпті сонау соғыс кезінен бастап, күні бүгінге дейін атаның есімін қою жалғасып келе жатыр. Бүкіл алты алаштың ардақтысы болған, халқым деп қабырғасы қайысып, елім деп еңіреп, бүкіл бір қоғамдық құрылысқа қарсы шыққандай болып, ұлты, тілі, халқы үшін ешқашан өзін-өзі аямаған қазақ халқының адал перзенті болғандықтан, халық атаның есімін ардақтап, ұрпағына атын беріп жатады. Кішкене болса да киесі жұғысты болсын, ата секілді намысшыл, өр, халқына жанашыр, ұлтын алға сүйрейтін адал азамат болсын деген ниет-тілекпен атаның есімін ұлықтап қойып келеді. Құдайға шүкір, елден, жұрттан айналайын, атаның атын осылай күні бүгінге дейін ұмыттырмай келе жатыр. Халықтың ардақтысы болған адамдардың атын қою - ол адамдардың есімін ұмыттырмау, қайтадан жаңғырту, ұрпақтың есіне салу сияқты үлкен маңызға да ие. "Саған пәленше деген атаның атын қойдық, ол кісі мынадай болған" деп баланы өнегелі етіп тәрбиелеуге мұның да тигізер пайдасы бар. Жаңағы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>