інен анық байқаймыз.
Шәкәрім Абайдың ақындық дәстүрлерін қоғамдық өмірдің ең маңызды мәселелерін қозғау жағынан, әсіресе, өнер-білімді, ғылымды уағыздау, надандықты, топастықты, әділетсіздік пен зұлымдықты әшкерлеу, шығыс, орыс әдебиетінінің таңдаулы нұсқаларын насихаттау жағынан ілгері дамытты. Сонымен қатар ол ақындығы, прозашылдығы, ойшылдығы-философиясы, дінге көзқарасы, суреткерлігі, көркемдік ойлау жүйесі, стилі, тіл бейнелілігі, өлен өрнектерін өзгеше түрлендіруі-қай жағынан алсақ та, қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі бірден-бір жаңашыл ірі тұлға болды.
Шәкәрімнің атын атауға тыйым салынып, шығармалары көп жылдар бойы жабулы жатқаны, ақын туралы сол кезде айтылса, тек оғаш, кате пікірлер ғана айтылып келгені белгілі. Сонда да Шәкәрімнің өлен-жырларын, дастандардын жаттап, жадында сақтап, айтып жүрген адамдар аз болған жоқ. Ал, Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық мұралары, өлендері мен дастандары, көркем прозасы бірнеше зерттеу еңбектерде, диссертацияларда әр қырынан танылып, баяндалып, бағаланып келеді.
Қазіргі кезде бүгінге жазылған, жарияланған мақалдар мен зерттеулерді негізге ала отырып, ұлы ойшыл-ақынның мұрасын алдағы уақытта жан-жақты талдап, терендеп тексерудің зәрулігі талассыз. Қай ғылым саласы болсын, ізденіс, зерделеуге ынта- ықылас қүшейген сайын, мағлумат-деректер жинақталып, ой-пікірлер, түйін-тұжырымдар қорланып, ұғым-түсініктер, пайымдаулар терендей түскен сайын жана проблемалар туындайтыны, шешімін табуды тілейтін мәселелер көбейе түсетіні зандылық.
Ұлы ақынның туғанына 150 жыл толуына 4-5-ақ жылдай уақыт қалғанын еске алсақ, шәкәрімтану саласының дәл осы тұста тың зерттеулер арқылы жаңа бір белеске көтерілуі қоғамдық сұраныска жауап болары күмәнсіз. Осы тұрғыдан қарасақ, алдағы зерттеулердің бағыт-бағдары қандай болмақ, қай мә
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>