ігі сан-қилы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін, көңіл-күйін, әсерлі бейнелеумен қатар, сол арқылы халықтың салт-санасын, әдет- ғұрпын, түрлі топ өкілдерінің психологиясын терен ашып көрсетуінен айқын аңғарылады. "Еңлік-Кебек", әсіресе, "Нартайлақ пен Айсулу" дастанынан бұларға қоса ақыннын елдің ертедегі тарихынан мол мағлұматы бар шежірешілдігін де байқаймыз.
"Еңлік-Кебек"-қазақ елінің қоғамдық өмірін, салт-санасын, әдет- ғұрпын, әр топтың өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін нақтылы сурет бейнелер арқылы шынайы, шебер баяндаған нағыз реалистік туынды. Ақын ескі әдет-ғұрыпты берік ұстаған ру намысын қорғаушылардың сүйіскен екі жастың адал махаббаттық сезімін аяққа басып, оларды аяусыз жазаға қиған қаталдығын толғана баяндай отырып, сол замандағы қоғамдық өмірдің шиеленіскен қайшылығын ашып көрсеткен.
Поэма тұңғыш рет 1912 жылы Семейде "Жәрдем" баспасында жарияланады. Шәкәрім поэмаға қысқаша кіріспе жазды. Қазақ даласында тайпалар мен ру басшыларының қақтығыстарының қоғамға, әсіресе, жастарға зияны туралы Шәкәрім көп толғанғанда, сол қоғамдық кеселді, сұмдықты болдырмау жолын іздеген,тарих тағылымы арқылы ондай озбырлықтың қайталанбауын ел есіне салуды ойлады. Сөйтіп, ол адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, билеуші таптың әділетсіз әрекетіне наразылық, бірін-бірі ұнатқан жастардың қайғылы өмірі туралы "Еңлік-Кебек" поэмасын жазды. Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған замаңның құрбаны болған екі жастын қайғылы тағдырын баяндайтын "Еңлік-Кебек" поэмасы бұрын да бірнеше рет жарияланған болатын. Алғашқы ңұсқасы "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз " деген атпен "Дала уалаяты" газетінің 1892 жылғы 31-39 сандарында, 1900 ж. "Қазақтың тұрмысынан хикая&q
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>