Қазақтын бес арысы

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

uot; деген атпен қайта басылады.
Кейбір адам, жер-су аттары ғана өзгеріске ұшырағаны болмаса, поэманың бүрынғы мазмұны, сюжеттік желісі сақталған.
Өмір шындығына өзінше айландыру мақсатында тыңнан табылған пішін, шындық арқауында шиеленісе шиыршық атқан табиғи тартыс, осыларды көркем жинақтаудан туған ер идея, өршіл пафос, мінездері мінсіз жасалған дара, мүсіндері тастан қашалған кесек кейіпкерлер Нысан, Абыз, Еңлік, Кебек, Есен, Еспембет, Жапал, т. б. осылардың әрқайсысының кеудесінде ұшқын атып, жалын шашып тұрған шекспирлік құштарлық пен өшпенділік, бәрін қаусырып жатқан кемел парасат пен кенен философия, осылардың өзін саф таза өнер биігіне көтеріп тұрған кенеулі ой мен келісті тіл.
Шәкәрім шығыс, орыс классиктерінің шығармаларын қазақша тәржімалауға көп қөңіл бөлді. Бұл тұста аударма деген сөзді кейбір шығармаларыңда шартты мағынада қолдануға болатынын айтуға тиіспіз. Мысалы, "Ләйлі-Мәжнүн" дастаны бүгінгі қалыптасқан мағынада аударма емес, Шығыс әдебиеттерінде кеңінен тараған нәзира дәстүрлі негізінде белгілі сюжетті өзінше баяндаған шығарма. Нәресте кезінен бір-біріне өліп-өшіп ғашық болған Ләйлә мен Мәжнүннің махаббаты барған сайын күшейе түсіп, екі қыршын жастың мезгілсіз өмірмен қоштасқанын баяндап шыққаннан соң поэманың соңында өз көңіл күйін Мәжнүннің тағдырмен салыстыра бейнелеуі де назар аударарлық.
Шәкәрімнің қарасөз түріндегі шығармаларына келсек, ол қазақ әдебиетінде реалистік психологиялық прозаны қалыптастырып, дамытуға аянбай күш жұмсағанын атап айтуымыз қажет. Мұны "Әділ-Мария" атты автор өзі "қайғылы роман"деп сипаттаған шығармасынан, сондағы сан түрлі адамдардың іс-әрекеттерін, көңіл қүйін, мінезін бейнелеуінен, сондай-ақ табиғатты, мысалы, Шыңғыстауды кеіптеу тәсілмен жан бітіргендей етіп суреттеу

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: