селелерге көбірек назар аудару орынды және мәселені қай қырынан тексеру ұтымды дегенді ойласу қажет. Шәкәрімнің шығармалары тарихи-әдеби процеспен, қазақ қоғамындағы рухани өзгерістермен, ізденістермен, ұлттық ой-сананың өркендеуімен неғұрлым тығыз байланыста қарастырылса, оның ақындық, ойшылдық тұлғасы соғұрлым ірілене түспек. Шәкәрім шығармаларының халықтық, ұлттық сипаты да, танымдық, көркемдік мәні де мейлінше айқын ашылмақ. Шәкәрімнің дүниетанымы, ойшылдығы, діни көзқарастары көбіне-көп әр еңбекте әр қырынан қарастырылатыны байқалады. Әдебиеттанушылар мен тарихшылар, философтар мен дінтану, педагогика секілді ғылым салаларының мамандары бірігіп, авторлар тобы құралып, бірлесе зерттесе, ақын, ойшыл, гуманист Шәкәрімнің тұлғасын толық сипаттайтын біртұтас концепция -- көзқарас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік туар еді.
Ал, Шәкәрімнің ақындық әлемін зерттегенде поэтика, әдебиет теориясы тұрғысынан қарастыру да маңызды болары талассыз. Бұл жағы әлі де жетімсіз. Сондай-ақ Шәкәрім шығармаларын эстетика, этика категориялары тұрғысынан пайымдау да ұтымды болмақ. Айталық, Шәкәрім творчествосы эстетиқалық идеал деген тақырыпты арнайы зерттеу арқылы ақын тұлғасын жаңа бір қырынан кеңінен ашып көрсетуге мүмкіндік берер еді, Сондай-ақ, Шәкәрім шығармаларының тағылымдық, тәрбиелік мәнін зерделеу педагогика мамандарының үлесінде.
Ал Шәкәрім мұрасын насихаттау жағынан келсек, шығармаларын орыс тіліне және басқа шет тілдерге аудару маңызды іс екені талассыз. Шәкәрімнің толымды көркем бейнесін сомдап жасауда ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері атқаратын істер де жетіп артылады.
Шәкәрім дүниеден өтті. Зұлымнын, сұмның қолынан асыл қаза тапты. Өмір бойы ақ пен қара, әділдік пен зұлымдықтың құрбаны Шәкәрім болды. Бірақ ол әлеуметтік, бостандық жолындағы әдебиет эст
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 > >>