Мен тәуелсіз егемен елдің ертеңгі болашағына қол созған, асыл армандарымды бүгінде қойнауы құт-берекеге толы қазақ елін мақтан тұтар жас өренмін! Көңілім де, жұдырықтай жүрегім де «Елім, халқым, жерім» деп соғады.
Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый десек те, ащы азаппен, төгілген қанмен қазақ еліне келген жаңа күн. Тәуелсіздік біз үшін қымбат, өте қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, өзінің табиғи болмысы мен жаратылысына сай өмір сүрген болса, осы табиғаттың бір бөлігі болып табылатын біз адамдар да тумысымыздан еркіндікті аңсаймыз, азат өмір кешуді қалаймыз. Жалпы ұлт деген ұлы қауымдастық тағдырлас және тамырлас адамдардың жиынтығы ретінде әрбір жеке адамның еркіндікке, азаттыққа деген құштарлығының жиынтық күшін білдірсе керек. Бір тілде сөйлейтін, бір отанды мекендейтін, діні бүтін, ортақ тарихы мен мәдениеті бар халықтың мемлекеттілікке қол жеткізген дәрежесі – ұлт. Сондықтан, менің түсінігімде ұлт, тәуелсіздік және мемлекет ұғымдары бірбірімен ажырағысыз байланыста, бірін бірі қажет етіп отыратын ұлы ұғымдар, қымбат құндылықтар. Біз өз құндылығымызды қадірлей білуіміз керек.
- Рубрика: Литература
- Формат: zip
- Просмотров: 215
- Скачиваний: 7