Қазақтын бес арысы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

жоғарыда келтірген пікірлерімен тікелей жалғас, солардың қорытынды-түйіні деуге лайық.
Ұзақ жылдар барлық қүш-қайратын жұмсап, білім іздеген, ғылымды түсіріп, кейінгіге мұра етіп қалдыруды мақсат тұтады. Жасы ұлғайған шақта өнімсіз талас-тартыстан бойын аластатып, қалған өмірін оңаша, еркін творчестволық еңбекке арнағанды пайдалырақ көреді. Алайда, ақын идеологиялық қүрес-тартыстарға араласпай, қанша шеттесе де, тоталитаризмнің зардабын тартып, зансыздықтың құрбаны болды.
Шәкәрімнің асқан ақындық шеберлігі оның өлең өрнегін түрлендіру өнегесінен айқын байқалады. Абай "Сегіз аяқ" атты өлеңінде қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өрнегі Шәкәрімнің назарынан тыс қалған жоқ. "Жастық туралы" өлеңінде Шәкәрім бұл өлең өрнегін жеңіл, ойнақы ырғақпен айтуға лайықты келтірген.
Өлең сөздің қадыр-қасиетін, қоғам өміріндегі маңызын терең түсінген Шәкәрім ақындардың алдына қойылатын міндет қаншалықты зор екенін тебірене айтады. "Ескі ақындық" атты өлеңінде Шәкәрім бұрынғы жырау, жыршылардың, суырып салма ақындардың шеберлігін, өнерпаздық өнегесін аса жоғары бағалайды.
Шәкәрімнің адамгершілік идеялары, арман-мұраттары алуан түрлі адамдардың тағдырын бейнелейтін сюжетті дастандардынан мейлінше толық танылады. Қазақ өмірінен алынған нақтылы оқиғалар негізінде нағыз реалистік сипаттағы "Еңлік-Кебек", "Қалқаман-Мамыр" секілді поэма жазуы-ақынның ұлттық әдебиетімізге қосқан үлкен үлесі екені даусыз. Осы поэмаларда баяндалып тұрған оқиғалар бір-екі ғасыр бұрын болса да, ақынның заманындағы қазақ өмірінде әлі де кеңінен орын алған типтік жай- жағдайлар болатын. Еңдеше, ақыңның "Еңлік-Кебек" поэмасы хақыңда бүл "ертегі емес, ертеде болған іс" деп атап көрсетуінің үлкен мәні бар. Шәкәрімнің суреткерлік шеберл

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: