н. Бұл - жастардың кешкiлiк бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жiгiттер болып айтысып, бiр-бiрiмен әзiлдесiп көңiл көтеретiн ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсiлмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екi басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етiп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигiзiлiп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екi басына 3 қатар арқан байланады.
Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екi түрі бар. Бiрiншiсi жазда көгал үстiнде, екiншiсi қыста қар үстiнде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлiк екi ұшы түйiлген арқан әзiрленедi. Оның тең ортасына белгi ретiнде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екi топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгi берiлгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он -он бес бала тартқанда үзiлмейтiн арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлемiндей екi тақтайдың ортасынан өткiзiлiп, ортасына аққала үйіліп, екi жақ оны өзiне қарай құлату үшін тартады.
Аударыспақ. Ол - қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мiнген екi жiгiт жекпе-жекке шығып, бiрiн-бiрi аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегiз жастан асқан қарулы жiгiттердiң қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесi бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептiлiктi, күштiлiктi, тапқырлықты, батылдықты талап ететiн спорттық ойын.
Айгөлек. Бұл ойынды қыз-жiгiттер екi топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бiр-бiрiнiң қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бiр топтың ойын бастаушысы: "Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>