анына сақина салған болып шығысымен, "тұр сақинам, тұр", - деп, немесе "ақшымшығымды бер!" деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, "сақина менде", - деп. Оны көршiсi ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерiн көрсетедi.
Теңге алу. Жерде жатқан теңгенi атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептiлiктi, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжiрибенi талап етедi. Теңгенi жерден іліп алғандарға бәйге берiледi. Бұрындары қазақ жiгiттерi атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезектi түйреп алып көкке лақтырып жiберiп, оны жалма-жан қылышымен екiге бөліп шауып түсiретiн.
Қыз қуу. Ол - ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесi жасалып, бiр жүйеге келтiрiлдi. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткiзiлдi. Содан берi мерекелiк бағдарламаларға енгiзiп келедi. Қыз қуу жарысында атқа мiнген жiгiт айналып қайтатын жерге дейiн алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетiп, оның бетiнен сүюге тиісті. Бұл - жiгiттiң жеңгенi. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жiгiттi, оның атын қамшының астына алады. Бұл - қыздың жеңгенi.
Көкпар. Ұлттық ат ойыны, әуелгi атауы "көк бөрі" сөзiнен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелi халықтар көк бөріні соғып алғанда өлiгiн ат үстiнде сүйрелеп, бiр-бiрiнен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейiн ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйiктi ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екiге бөлiнедi. 1949 жылы елiмiзде көкпар жарысының жаңа ережесi бекiтiлдi. Алаң көлемi қатысушылар санына сәйкес. Егер ар командада 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, енi 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесiлге
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>