лі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшымшық, алакүшiк, алтыбақан, арқан аттау, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетәяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, ептi жiгiт, жаяу көкпар, жемекiл, жiгiт қуу, жiгiт ойыны, күзетшiлер, күмiс алу, қамалды қорғау, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдiк), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы кiмнiң дауысы, таяқ жүгiрту, тепе-теңдiк, тобық, тұтқын алу, ептiлiктi түйiлген орамал, шалма, шертпек.
4. Зеректiлiктi, және икемдiлiктi қажет ететiн ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөрiктастамақ, бұғынай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер. . . , жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көршi, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтерү, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстiндегi кiм, шымбике.
5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: көршіңді тап, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу, бәйге. Бұлардың iшiнде бiрқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал ендi, қазақтың ұлттық ойындарының iшiнде "қуырмаш" тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз ендi қазақтың ұлттық ойындарының негiзгiлерiн талдап, тарқатайық.
Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегiн, ол болмаса қойдың жiлiгiн, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетiп, белгiлеп алады да, ойыншыларды екi топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйектi лақтырып жiбередi. Қай топтың ойыншылары ақсүйектi бiрiншi болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек етi мүжіліп, далада жатып күнге күйiп, әбден ағарған болуға тиісті.
Алтыбақа
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>