бiзден сiзге кiм керек?", деп сұрайды. Екiншi топтың ойын бастаушысы: "Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сiзден бiзге Айсұлу керек!", - деп, бiр адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменiмен жүгiрiп келiп, шақырған топтың тiзбегiн ұзып кетуге тырысады. Тiзбектi үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетедi, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екi жақтың бiрiнiң адамдары таусылғанша жалғаса бередi.
Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жiгiттер садақ жебесiн нысанаға әрі тез, әрі дәл тигiзуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткiзiледi. Алтын қабақ сайысының түрлерi: жаяу немесе ат үстiнен сырық басындағы теңгенi атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстiнде шауып келе жатып нысанаға дәл тигiзу. Мергендер сайысының тағы бiр түрі - жамбы ату, садақ тарту.
Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлерi: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т. б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетiн аттар алдын-ала жаратылады.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрiк, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетiн көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергiлi жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен мерекелерде жарияланады.
Ақшымшық (сақина салу). Бұл - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он -он бес адам қатысып, ортаға бiр жiгiттi немесе бiр қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесi бойынша қыз-жiгiттер үйде дөңгелене отырып, екi алақанын бiр-бiрiне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргiзүшiнiң ала-қанындағы сақинаны кiмге салса да өз еркi. Ол барлық адамдардың алақ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>