с) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
:: аннотация -- мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
:: рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
:: справка жазу - тапқан кітап, т. б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т. б) түрде болады;
:: формалдық-логикалық модель - тақырыптың сызбасы;
:: тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.
Студенттер үшін білім көзі - бақылау және баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми - көпшілік әдебиеттер және журналдардан студенттер түрлі ақпараттар алып, оқуда алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өзбетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Мұндай оқудың мақсаты тақырыпты түсіндіру, студенттерге тақырыпты толық меңгерту, оған тақырыптың негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - тақырыпты талдау. Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда бір жақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, студенттердің дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды оқытушы өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, студенттердің жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
2. Колледждің материалдық - техникалық негізін ескеру;
3. Колледждің орналасқан жеріне ескеру. Мысалы, студен
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>