ттерді өндіріс орындарына экскурсияға апару;
4. Оқытушының шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе студенттердің іс-әрекетін анықтап алмай, оқытумақсатын ажету мүмкін емес.
Менеджмент негіздерін оқытуда пәннің мақсаттары мен міндеттері, стратегиялық, тактикалық және оперативті басқарулар туралы шешім қабылдау процесі, басқарушының қызметіне ықпал ететін және анықтайтын факторлар туралы, сонымен қатар халықаралық тәжірибелер, басқарушылық оқиғалар, іскерлік ойындар, жарыстар өткізу тиімді деп ойлаймын. Терминдер, сызбалар, кестелер, слайдтарды-көрнекіліктер ретінде қолданамын. Оқулықпен жұмыс жасау колледжде менеджмент курсын оқыту үшін, сонымен бірге менеджментті өз бетімен игеру үшін жүргіземін. Оқыту барысында студенттер өзінің жеке психологиялық ерекшеліктерін тануға, есте сақтау қабілетін, назарларын, мінез-құлықтарының ерекшеліктерін танып-білуге комектеседі. Тақырыптарды өткеннен кейін бақылау сұрақтары мен тапсырмалар, терминдермен, аныктамалармен және тест сұрақтарымен жумыстар откіземіз. Оқиғалы, ситуациялы мәтіндер беріп пікірталас ұйымдастыру арқылы студенттерді шешім қабылдауға, өз ойларын ашық көпшілік ортасында айта білуге жетелеймін. Оқыту урдісі орынды және жітік сипатта болу үшін студенттердің жасын, оқу деңгейлерін, қызығушылықтарын, сонымен қатар студенттердің мамандығын ескеру қажет. Менеджментті оқытуда дәріс оқу және практикалық сабақтар жургізу әдістері байланыса және сабақтаса өткізіледі. Менеджмент теориясы мен тәжірибенің қолданылуы нарықтық қатынастарды игеру болып табылады. Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибелерді оқыту және олардың Қазақстан тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін, ұйымды шаруашылық басқарудың ерекшеліктері мен бо
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>