Қазақстанда менеджмент теориясын қалыптастыру және оқытудың маңыздылығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Маңғыстау энергетикалық колледжі
Экономика пән оқытушысы Туракова М. Б.

Қазақстанда менеджмент теориясын қалыптастыру және оқытудың маңыздылығы
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлар дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы "дәстүрлі түрде" емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы - менеджерлерді дайындауды талап етеді. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртышылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет. Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндің ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың - американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері салалары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: