р: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. Әдістер белгілі бірнегіз бойынша топтарға бөлінеді. Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, студенттерді қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғалық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін студенттердің дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікір сайыстары студенттердің өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Оқытушы сөз мәнерінің үлгісі болып, студенттердің ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін олардың естеріне салуы қажет. . Жақсы өткізілген пікірсайыс студенттерге білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Колледждерде кітаппен жұмыс сабақта оқытушы басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі студенттер кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар.
Олар:
:: конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
:: тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
:: цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>