Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілін оқып үйренеміз. Үштілді білу — үлкен өнер

Страницы: <<  <  97 | 98 | 99 | 100 | 101  >  >>

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Берілген сұрақтарға жау- ап жазады.
ІІІ. Ойтолғаныс
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіннен теріп жазады.
IV. Бекіту
А) Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

Ә) "Есте сақта!" айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. "Шағын шолу" тәсілімен парақшалар таратады.
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.

VII. Рефлексия
Мұғалім "Жағымды сөздер" тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: -- Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айта- ды. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.


7 -- 8-сабақ

Сабақ тақырыбы:
Жігіт сипаты. Ақан сері Қорамсаұлы.
Білімділік:
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы Ақан сері Қорамсаұлы туралы жан- жақты ақпарат беру.
Дамытушылық:
Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы тақырыпқа қатысты атауларды мең- герту.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

О

Страницы: <<  <  97 | 98 | 99 | 100 | 101  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: