рысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
7 -- 8-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Еңбек етсең ерінбей. . .
Білімділік:
Қазақша сипаттау мәтіндері арқылы тақырып жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту.
Дамытушылық:
Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы жаңа атауларды меңгерту.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдайды, өз ойын айтады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады, жан-жақты ақпарат береді.
Жаңа сөздер:
Қауақ, атыз, ернеулете көміп қою, тырмалау, талтаып тұру, күрсіну.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакаттақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, "Көңіл-күйді анықтау" тренингі, диалог, фотоколлаж,
"Шағын шолу" тәсілі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім "Көңіл-күйді анықтау" тренингінің негізінде сабақ басында
Страницы: << < 80 | 81 | 82 | 83 | 84 > >>