Есте сақта!" айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
VI. Үйге тапсырма
"А. Құнанбаевтың өнегелі өмірі" тақырыбында мәтін құрау.
VII. Рефлексия
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.
Оқушының аты-жөні
Баға
1
Айқын
5
2
Айша
5
11 -- 12-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Уақыт -- өмір.
Білімділік:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде тақырып туралы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып аясында берілген сөйлемдер мен мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға жетелеу.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында уақыттың адам өміріндегі рөлін түсіндіру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпарат береді, сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде адамдар уақытты қалай есептейтінін айтады, сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында достарымен қазақ тілін- де сұхбат құрады.
Жаңа сөздер:
Қайрат-жігер, қалтықсыз, игілік, құн, зымырау.
Сабақта қолданылатын ма- териалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, "Ыстық алақан" тренинг
Страницы: << < 32 | 33 | 34 | 35 | 36 > >>