Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілін оқып үйренеміз. Үштілді білу — үлкен өнер

Страницы: <<  <  157 | 158 | 159 | 160 | 161  >  >>

нда өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.

VII. Рефлексия
Мұғалім "Жағымды сөздер" тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: -- Бала-
лар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтыл- ған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.


7 -- 8-сабақ

Сабақ тақырыбы:
Наурыз бен ақпан.
Білімділік:
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы наурыз мейрамы туралы жан-жақты ақпарат беру.
Дамытушылық:
Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы тақырыпқа қатысты атауларды меңгерту.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында рухани құндылықтар мен көне жәдігерлерді құрмет- теуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы наурыз бен ақпан жайлы ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады, сыныптастарымен сұхбаттасады.
Жаңа сөздер:
Араз, бақ, атақ.


Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты су- реттер, сызба, альбомдар мен буклеттер, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, маркерлер, парақшалар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, "Көңіл-күйді анықта

Страницы: <<  <  157 | 158 | 159 | 160 | 161  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: