улықтағы 11-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Жазылым. Мәтінді тағы бір рет оқиды, сүттен жасалатын та- ғамдарды бір бағанға, еттен жасала- тын тағамдарды бір бағанға жазады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. "Шағын шолу" тәсілімен парақшалар таратады.
Тақырып аясында өзінің есін-
де қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім "Жағымды сөздер" тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: -- Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныпта- стары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.
Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
9 -- 10-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Ғабиден Мұстафин. Шығанақ (романнан үзінді).
Білімділік:
Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға жазушы жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пай- далану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша жазушы, оның шығармасы жайлы ақпарат береді, мәтіндегі жаңа сөздерді меңгереді, сөйлесім барысында қолданады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі негізгі ой туралы пікірін білдіреді, өз ойын дәлелдейді, сыныптастарымен сөйлеседі.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша м
Страницы: << < 144 | 145 | 146 | 147 | 148 > >>