ар жақын жерлерде орналасқан қалаларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын аумақтармен ықпалдастырылған ЖЭО.
Электр энергиясын жеткізу секторы
Қазақстан Республикасының электр желілері қосалқы станциялардың, тарату құрылғылары мен электр энергиясын жеткізу және (немесе) бөлуге арналған және олармен қосатын кернеуі 0,4 - 1150 кВ электр жеткізу желілерін білдіреді.
Қазақстан Республикасының БЭЖ-де желілер жүйелерін құру міндетін ұлттық электр торабы (ҰЭТ) орындайды, ол еліміздің өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы) арасында электр байланысын, сондай-ақ электр станцияларының электр энергиясын беру мен оны көтерме сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз етеді. ҰЭТ-тың құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын қосалқы станциялар, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен электр жеткізу желілері "KЕGОС" АҚ теңгерімінде.
Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлер ішінде электр байланысын, сондай-ақ бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлік электр желілік компаниялардың (ӨЭК) теңгерімінде және пайдалануында болады.
Энергия жеткізуші ұйымдар шарттар негізінде өздерінің немесе қолданыстағы (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және пайдаланудың өзге де пайдалану түрі) электр желілері арқылы көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады.
Электр энергиясымен жабдықтау секторы
Қазақстан Республикасының электр энергиясымен жабдықтау нарығы секторы энергияме
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>