н жабдықтайтын ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады, ол энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған саудадан электр энергиясын сатып алуды және кейіннен оны соңғы бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырады. ЭЖҰ-ның бір бөлігі электр энергиясын "кепілдікпен жеткізушілер" міндеттерін орындайды.
Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет
Электр энергетикалық нарықтың субъектілері үшін энергия объектілерін, жекелеген энергетикалық құрылғыларды салу және жөндеу бойынша қызметті және электр энергетикалық нарық субъектілері үшін мамандандырылған жөндеу жүргізу қызметін құрылыс-монтаждау ұйымдары және мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары жүзеге асырады.
Энергетика саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді, маркетингтік зерттеулермен және болжамдаумен, электр энергиясын өндіру және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін жаңа тиімді энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды ендіру проблемаларын шешумен ҚазЭнергоөнеркәсіпҒЗӨИ, "Энергия" ҚазНИПИИТЭС ЖШС, "Казсельэнергопроект" институты" ЖШС, "Академик Ш. Ч. Чокин атындағы ҚазҒЗИ" АҚ, "Қазақстан индустрияны дамыту институты" АҚ сияқты ғылыми зерттеу және жобалау-іздестіру институттары айналысады.
"Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы" Заңды Тұлғалар Бірлестігі. Қауымдастықтың мүшелері энергия өндіруші ұйымдар сияқты Қазақстан Республикасы электр энергиясы мен қуаты көтерме сауда нарығына қатысушылар - тұтынушылар болып табылады.
Қауымдастықтың негізгі міндеттері:
Қызметі тікелей және өзгелей түрде электр энергетикасы саласымен байланысты барлық ұйымдарға қолдау көрсету;
Электр энергетикасына қатысы бар мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуг
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>