асын, телекоммуникацияны, көлік және ұлттық даму институтын қоса алғанда, экономиканың түрлі салаларындағы ұлттық компанияларды иеленуші және басқарушы мемлекеттік холдингтік компания. "KEGOC" АҚ "Самұрық-Қазына" АҚ еншілес компаниясы болып табылады.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мынадай секторларды қамтиды:
Электр энергиясын өндіру;
Электр энергиясын жеткізу;
Электр энергиясымен жабдықтау;
Электр энергиясын тұтыну;
Электр энергетикасы саласындағы басқа да қызмет.
Электр энергиясын өндіру секторы
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 102 электр станциялары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 2015 жылғы 1 қаңтарда 20 844,2 МВт, иелік қуаты - 16 945,4 МВт. құрайды.
Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіп кешендері құрамындағы электр станциялары, өңірлік маңызы бар электр станциялары болып бөлінеді.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіруді және тұтынушыларға сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциялары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін және қосымша түрде қолданылатын қуаты үлкен гидравликалық электр станциялары жатады.
Өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларына электр және жылу энергиясын құрама түрде өндіретін ЖЭО жатады, олар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын жерлерде орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтау қызметін атқарады.
Өңірлік деңгейдегі электр станциялары - бұл өңірлік электр желілік компаниялар мен энергия жеткізуші ұйымдардың желісі арқылы электр энергиясын сатуды, сонымен қат
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>