ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

е қатысу;
Саланың мүддесі үкіметтің, сот және басқа да органдардың шешімдеріне байланысты мәселелерде өз мүшелерінің ұстанымдарын қолдау мен қорғау.
"KazEnergy" қауымдастығы Қазақстанның мұнай-газ және энергетикалық кешенін серпінді және орнықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылған ерікті коммерциялық емес бірлестік болып табылады.
Қауымдастықтың мақсаттары:
Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғау, заңнамалық базаны үйлесімдеу;
Жер қойнауын пайдаланушылар, электр энергиясын өндірушілер, тасымалдаушылар мен энергетика секторының өнімдері мен қызметтерін тұтынушылар үшін біртұтас ақпараттық алаң құру;
Жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейде салаішілік ынтымақтастық және кәсіпкерлік жобаларын дамыту мен қолдау;
Қауымдастықтың, оның мүшелері мен тұтастай алғанда саланың оң имиджін өңірлік және ғаламдық деңгейде тарату;
Қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық белсенділігін ынталандыру.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) - 2013 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Атамекен" Одағы" НЭПК бірлескен шешімімен құрылған қазақстандық, коммерциялық емес өзін өзі басқаратын ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының ҰКП кәсіпкерлік субъектілерінің одағын білдіреді. Палатаның мүшелері Қазақстанда тіркелген коммерциялық заңды тұлғалар (соның ішінде банк ұйымдары, ұлттық компаниялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы секторы саласындағы ұлттық холдингтер); жеке кәсіпкерлер; шаруа (фермерлік) қожалықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасының ҰКП негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен бизнес-қоғамдастықтары арасы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: